«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 93 бұйрығы (2025.19.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 93 бұйрығы

(2025.19.07. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025.30.06. № 298-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) «Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14042 тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарында:

3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына (бұдан әрі - Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 тіркелген) бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне (бұдан әрі - Техникалық регламент) сәйкес өрт қауіпсіздігі жүйесіне, ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесіне, қорғау жүйесіне және жылыту жүйелеріне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлеріне өртке қарсы нұсқаулық жүргізу жүзеге асырылады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.